Тарихи көлік. Даңқты Malibu бизнес-седаны Қазақстан жолдарын бағындырады

Тарихи көлік. Даңқты Malibu бизнес-седаны Қазақстан жолдарын бағындырады

10 маусым 2020 

Көлік құрастыру ХІХ ғасырда басталып, келесі жүзжылдықта өркендей түсті. Алғашқы кезде тек бай-шонжарлардың ғана ермегі болған көліктер бүгінде әркімге қолжетімді. Тіпті, қазір таңдау қиындай түскен. Бір жүргізуші көлік аларда оның жайлылығына мән берсе, екіншілері заманауи технологияға басымдық береді. 

Қандай көлік таңдарыңызды білмей жүрсеңіз даңқты бизнес-кластағы седан Chevrolet Malibu-ды қарастыруды ұсынамыз. Дәл осы көлік талай қазақстандық жүргізушінің жүрегінен орын тауып, әлі күнге қызықтырып келеді. 

Бұл модельдің тарихы 1960 жылдары басталған. Malibu ол кезде Chevrolet Chevelle моделінің ең қымбат түрі еді. Ал 1978 жылы Malibu жеке модель ретінде шығарыла бастады. Артқы жетекті автомобиль шанағы седан, универсал және купе түрлерінде Канада мен Мексикада жасалды.

Бүгінде Қостанай қаласында Chevrolet Malibu-дың спорт дизайнымен құрастырылады. Нағыз қала тұрғыны үшін ыңғайлы көлікке айналған. Бизнес-кластағы седанда көлікті кілтсіз ашу, дауыспен басқаруға болатын Bose аудижүйесі, Apple CarPlay мен Android Auto, ыстық күнде құтқарушыңыз болатын орындық желдеткіші жүйелері орнатылған.

 Дизайнелер Malibu-дің түр-келбетін жасауда Camaro-ны үлгі ретінде алды. Оған қоса сынық сызықтар мен иілімдер спортқа арналған көлікке ұқсатады. Бұл себепсіз жасалмаған. Өйткені 1973-1983 жылдар аралығында Chevrolet Malibu көліктері NASCAR жарыстарына қатысқан.

Көліктің ішкі көрінісін жасауда дизайнерлер сапалы материалдарды қолдана отырып, орталық консольдағы батырмалардың санын қысқартуға тырысқан. Көп батырмалардың орнына MyLink ойын-сауық, ақпараттық Touch Screen орнатылған.

Бұған қоса Malibu көлігі қауіпсіз саналады. Әрбір көлік сегіз қауіпсіздік жастығымен жабдықталған. Ал қауіпсіздік жүйесі еңісті жерде автоматты тоқтау мүмкіндігіне ие. 

Chevrolet Malibu үш комплектацияда қолжетімді: 1,5 және 2 литрлік турбинді қозғалтқышы бар көліктер 9 990 000 теңге тұрады. Мемлекеттің жеңілдетілген несие бағдарламасымен көлікті 4% мөлшерлемесі бойынша сатып алуға болады.

Өтініш қалдыру